⚡️Түркістан облысының полицейлері зорлау қылмысы бойынша күдікті ер азаматты қамауға алды

Бұған дейін Жетісай ауданының полиция бөліміне шағымданған әйел, өзінің кәмелет жасына толмаған қызына көршісі зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деп арызданды.

Аталған жайт бойынша оқиға орнында жедел тергеу тобы барлық жедел шараларды атқарды. Сонымен қатар бірқатар сот-сараптамалары тағайындалды.

Бүгінгі таңда ҚР ҚК-нің 122-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл жайт Түркістан облысы ПД басшылығының тікелей бақылауында.

💬Бақтияр Тастанов, Түркістан облысының полиция департаментінің тергеу басқармасының аға тергеушісі

Polisia.kz