Ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді
Елордада Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 қатысушысын ұстады.
Олардың "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынғаны және Петропавл қаласында іздеуге жарияланғаны анықталды.

Күдіктілерді ұстау кезінде олар травматикалық патрондармен оқталған "WALTHER", "ОСА" маркалы тапаншалармен, сондай-ақ суық қарумен қаруланған болып шықты.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.