This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🥀Өскеменде мас жүргізуші гүлзарға кіріп кеткен

18 тамызда кешке 30 жастағы шығысқазақстандық көлік құралын басқара алмай, бордюрге соғылып, гүлзарға "тұрақтаған".

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оның масаң күйде көлік басқарғанын анықтады. Құқық бұзушыға қатысты көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Жүргізуші жиырма тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады.

⚠️Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қағидаларын қатаң сақтауға, жолдарда мұқият болуға және бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.