This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Атырауда ақша бопсалаған күдікті ұсталды

Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 1 млн теңге бопсаламақ болған күдіктіні құрықтады.

Ол 27 жастағы азаматты жеке басына қатысты бейнематериалдарды әлеуметтік желіге таратамын деп қорқытқан.

24 жастағы облыс тұрғыны жәбірленушіден 100 мың теңге көлемінде ақша алу кезінде қолға түсіп, қамауға алынды.
 
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды.