Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Жамбыл облысының жолдарында балаларды шанамен сырғанатқан көлік жүргізуші жауапқа тартылды

Қаратау қаласында полиция қызметкерлері аумақты патрульдеу барысында өздеріне және жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіре отырып балалары бар шананы көлікпен сүйреген жүргізушінi анықтады.

Толығырақ мына жерде

⚠️Жамбыл облысының Полиция департаменті жүргізушілерге автокөліктерге шананы, тюбинг және басқа да құрылғыларды байлап сырғанаудың қауіптілігі туралы ескертеді. Кенеттен тежеу кезінде шанадағы адам соғылуы, көліктің дөңгелектерінің астына кіріп кетуі немесе көліктен ажырап кетуі, тұрған қоршауға т.б. кедергіге тап болуы мүмкін.