This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🚕🚔 #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ : Қостанайда такси жүргізушісін пышақпен қорқытқан ер адам "Ізін суытпай" ұсталды

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

Қостанай облысының ПД-да оқиғаның мән-жайын айтты.

6 қаңтардан 7 қаңтарға қараған түні Рудный қаласының екі тұрғыны облыс орталығына таксимен барған. Жолаушылардың бірі қалаға кіре берісте такси жүргізушісінің мойнына пышақ тақап, ақша талап етіп, оны басқа елді мекенге жеткізсін деген. Такси жүргізушісі полицейлердің қызметтік көлігін көріп, назарын аудару үшін әдейі соқтығысқан. Осы сәтті пайдаланып, ол қауіпсіз қашықтыққа қашып кетті. Осы кезде күдікті оқиға орнынан жасырынуға тырысқан. Бірақ оны патрульдік полицейлер тез арада ұстады.

"Тонауға оқталу" қылмыстық іс фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ведомство қақтығыс нәтижесінде ешкім зардап шекпегенін атап өтті. Қызметтік автокөлікке елеусіз материалдық залал келтірілді.