Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚨Шымкент полицейлері түнгі клубқа келген адамды есірткімен ұстады

ЖБО инспекторлары ойын-сауық мекемесінің маңында тұрған көлікте ұнтақ иіскеп отырған жас жігітті анықтады. Оқиға орнын тексеру үшін патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді.

Жақын маңда камераның бар екенінен бейхабар құқық бұзушы тыйым салынған заттардың барын мүлде жоққа шығарды. Оның “синтетика” салынған пакетті көлік есігінің қалтасына жасырып үлгергені анықталды. Ол жерден полицейлер жарты грамм мефедрон тәркіледі.

Жас жігітке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.