This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Астанада киім дүкеніне келуші спорттық костюммен қашып кетті

Сатушылардың айтуынша, жігіт дүкенге келіп, киіну бөлмесінде спорттық костюмді киіп алған. Кетер кезде ол кассаға бармай, залдан шығып кеткен, сол кезде ұрлыққа қарсы магнит іске қосылған.

Бейнежазбаға қарағанда, қаскүнем жұмысшыларды үстіндегі киім өзінікі екеніне сендіруге тырысқан.

Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған, қылмысқа қатысы бар қаланың 27 жастағы тұрғын анықталды.

ҚР ҚК 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қала тұрғыны мойындау көрсетпелерін берді.