This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❄️Ақмола полицейлері қар басқан трассалардың кадрларымен бөлісті

Өткен демалыс күндері патрульдік полиция батальоны мен ротасының нарядтары күшейтілген режимде жұмыс істеді: температураның төмендеуі және ылғалды қар түріндегі жауын-шашын жолдардағы жағдайды едәуір қиындатты.

Ауа-райына байланысты Көкшетау-Атбасар, Көкшетау-Рузаевка, Петропавл-Астана автожолдарында шектеу қойылды. Алайда демалыс күндері өңірде 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан машиналарға механикалық зақым келді.

Полиция автокөлік иелерін көлікті қысқы кезеңге дайындауға шақырады. Өзара сыйластық пен тәртіп - жолдағы қауіпсіздіктің кепілі және апатты азайту мәселесіндегі шешуші факторлардың бірі.